1.Адам тілімен сөйлеп қоя берді. ~ Туғанда алғаш анадан, Келешек бақыт күн күтті. Шешіліп сөйлеп жаңадан, Жүрекке нәзік тіл бітті. М.Мақ. ~ Енді көгала үйрекке тіл бітті: – Сенің күйеуің қазір хал үстінде… Ақтоты айналасына көз жүгіртті. Қажы атасының ақ ордасы да көзді ашып– жұмғанша ғайып болған. Т.Рыск. 2. Сөйлеп кетті, бірдеңе деуге шамасы келді. ~ Өй, мынаған тіл бітті– ей! — Намыстанып, ыза боп қалғаны сезілді Арасанбайдың. — Шамаң келмейді дейсің бе? Менің шамам келмейтіндей ол кім еді? Ә.Тар. ~ Енді аздап тіл бітіп, елдің сұрағына жауап беріп отыр. Кеседегі шайын қос қолымен бүркеп алып, оқта–текте әрең ұрттайды. Б.Мом.
