Posted in

ТІЛ-КӨЗІМ ТАСҚА

Тілім, көзім тимесін д.м. ~ Әне, жұрт, жұрт болғанда, әсіресе ауылдағы кемпір-сампырдың аузынан түспейтін көлденең көз «қызыға да, қызғана да қарайтын әулет» біз едік. Көз өтіп кетті-ау. Сірә, қалалықтар ауылдағы апаларым айтатын «тіпә, тіпә, тіл-көзім тасқа» дегенді білмейтін болса керек. М.Қан. ~ Тіл көзім тасқа, айыбы ұрғашы демесең, біздің Күлмәшкен ақылды ғой, қаншама саудайылық жасасам да кешіріп келеді, тек оның алдында оңбай бір омақаса құлағаным осы шығар. Қ.Ысқ. ~ Немерелерің өсіп жатыр ма? Серік… Серік қалай? Көргенде тұра қалып: «ассалаумағалейкүм» деуші еді. Бір айналып кетейін ғой өзі. Тфатфа!… Тіл-көзім тасқа. М.Сүн.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *