Бір-бірін ұғысты; жақын тартты; әңгімелері жарасып кетті. ~ Адам, хайуан, табиғат, бәр-бәрі осы жоқтау зары үстінде бір үддеге ден қойып, тіл табысқандай. Ғ.Біл. ~ Жер бетіндегілердің тағатсыздығына, мәмлеге келе алмайтынына, бір-бірімен тіл табыса аямайтынына өкінбеске амал жоқ. Ш.Айт.. ~ Сіз екеуіміз екі өлшемде өмір сүреміз… Жігіт жымиды — қыз мұның ойының үстінен дөп түсті. — Екі өлшем бе? Ендеше, қалай тез тіл табыстық? Рабиға шалқайып тұрып сылқылдап күлді. М.Қаб. ~ Бұл жолы киноға алып барып, алғашқы кездескендегідей қоқақтамай, сыпайы шешіле сөйлесіп, тіл табысқан, ұғысқан сияқты. З.Шаш. ~ Сонау өзекте ирек тастап, тоғай арасынан оқыстан көрініп қалған үзігі ай сәулесімен тіл табысып, беті айнадай жарқырап жатқан өзеннің балаша былдырлаған үні құлаққа еміс-еміс талып жетеді. О.Бөк.
