Біреуді сөкті; даттады; намысына келер сөз айтты; балағаттады. ~ Толғанай, есіңді жи! Сөзіңді жалғап айта бер. Ал балаларға тіл тигізіп қайтесің. Оларды мен бармақтайынан көріп-біліп жүрдім ғой. Ш.Айт. ~ Менде сені талай ренжіттім-ау. Шайтанның тіліне еріп шарапқа тойып өзгенің етегін көтергім келген мастығымды қалай кешірер едің. Тіпті кейде тіл тигізіп қана қалмай, қолымды да жұмсауға дейін бардым ғой. Ж.Шәк.
