Дәмі керемет; балдай; аузыңнан дәмі кетпейді. * … оны біздің жақ кейде «Ақ лақ» деп атайды. Ауылдың тәттілігі тіл үйірген бұл тамаша асы шынында да ақ лақтың уыздай былбыраған жұмсақ етінен бір де кем болмайды. Ә.Нұрш. * Шынында да солай, жұмсақ, хош иісті, үнді шайының бұқтырып шығарған қызыл бояуына аздап түйе сүті қосылған соң, тіл үйірер, денеге шымырлап сіңер шай болыпты. Д.Досж. ~ Гоминдаң өкіметі Шыңжаң жерінің ақ нанын – оның тіл үйірер дәмі мен сілекейлерін шұбыртар иісін тамыршыдай танып бауыр баса, баурап болған. Ж.Ахм.
