Posted in

ТІРШІЛІК ТЫНЫСЫ

Күнделікті өмірдің аяқ алысы. ~ Тек ауыл үйлерінің төбесінен көтерілген көгілдір түтін ғана тіршілік тынысын танытып, көңілге жылы леп әкеледі. Д.Дос. ~ Әсем осынау шуақты күннің шұғыласын да, талмаусыраған бозторғай үніне қосыла, құлағына күй болып жаңғырыққан бүкіл тіршілік тынысын да тұла бойымен түгел қабылдап, өзін де сол өніп өсуге бет алған балғын дүниенің бір бөлшегіндей сезінді. Қ.Жұм.~ Ырыс, береке, байлық – бәрі осы зеренмен өлшенеді. Керек десеңіз, қазіргі күллі тіршілік тынысын Хамит ақын Жамбыл атасы сияқты зереңімен өлшеп, мөлшерлейді. Демек, «Алтын зерен» әрі нақты, әрі затты. З.Қабд.~ Ақынның «менін ақынға телімей-ақ қайсы бір азаматты алшы, балалығы мен есейген шақтағы тіршілік тынысымен салыстырып көрсін. Ш.Сар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *