Масқара қылды, абыройын айрандай төкті, әбден қорлады. ~ Бетін басып, өліктің үстіне құлап, шыңғыра талықсыған Шынарды алпамсадай қара жігіт далаға көтеріп шығарды да: — Сендер не бағып тұрсыңдар? Мына сорлыны тірілей өлтірдіңдер ғой… – деп, қаумалап тұрған жігіттерге зілмен тұншыға күбірледі. Ф.Оңғ. ~ Жирен сақал есіне түскенде, Бөкеннің қабағы түйіліп кетті. Түйілмей қайтсін, түнде ол бұны ұяттан тірідей өлтіре жаздады. Д.Әш. ~ «Әй, Солтанғұл, өлтірдің- ау! – деді бір кезде Бұурайкеге тіл бітіп. – Тірідей өлтірдің-ау! Атастырып қойған бала еді. Баталасқан құдам бар, батамды бұза алмаймын ғой», – дегені. Б.Нұрж.
