Жан-жануар атаулы. ~ Ол өзі осы уақытқа дейін ашқан жаңалықтарының ішіндегі ең сұмдығын ашып еді: адам, тірі мақұлық атаулының бәріне әмір жүргізген, көк темірге жан бітіріп, көлік етіп мінген, қолдан құс жасап, қыран қалықтар биіктен де жоғары самғаған тәңірі текті, құдыретті адам да өледі екен, жүзі ызғарлы ажал алдында адамзаттың өзі дәрменсіз екен. М.Мағ. * Тірі мақұлықтан, жылап аққан кішкентай тума басындағы өлі жүні түспеген жауыр торшолақ ат қана. Қ.Ысқ. ~ Тірі мақұлықат өлмес күнін көреді екен. Қоңырды қинайтыны – жалғыздық. Бабадан атаға жалғасып, олардан ізбасарларына ауысып, жүздеген жылдар бойында борсықтар әулетіне құтты тұрақ боп келген «қалашық» қаңырап бос қалғалы, екі қыс ауысты. Ө.Кәр.
