Posted in

ТІРІ ПЕНДЕ ЖОҚ

Ешкім жоқ, қыбыр еткен адам көрінбейді. ~ Ақ көрпесін бүркеніп алған ұшы-қиырсыз далада қыбыр еткен жүргінші көрінсеші. Ауыл арасында да шулаған балалардан басқа тірі пенде жоқ. Бір кезде сиырын айдап Бәкила шықты. К.Жүн. ~ Желпи соққан самал шыт көйлегінің етегін қабыстыра береді. Бір байлам басындағы орамалын қолына алып, төңірекке ұзақ қарады. Тырс еткен тірі пенде жоқ Айнала таулар, таулар… М.Мақ. ~ Ауруханада мен ешкімі жоқ жандарды көрдім. Артынан іздеп келетін тірі пенде жоқ. Н КЕл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *