Posted in

ТІРІ ӨЛІК

Шалажансар, құр сүлдесін алып жүрген адам. ~ Көбі – өзіміз тәрізді азып-тозған, арыған тірі өліктей, көздері үңірейген аруақтар. С.Сей. ~Төрт аяғымызды буып тастап, алқымымыздан ора тартып қорқыратып бауыздап жібергенге дейін тұяқ серпуге шамасы жетпейтін тірі өлік пе едік?! Ғ.Біл. ~ Жалғыз-ақ сәтте тірі өлікке айналған қорғансыз бейшара жандардың құбыжық бейнесі жан-жақтан анталап, жадымда жаңғырыққанда, қорқыныштан шыбын жаным шырқырады. Т.Сәу. ~ – …Мен алмаған қай сабағыңыз қалды. Енді медреседе тірі өліктей салбырап, құр салпақпен жүрерім жоқ. С.Жүн. ~ Теңдесі жоқ дарынмен таласқан адам, өз сорының кепіліндей болып күйіп-піскен күйі тірі өліктей тіршілік ететін сияқтанатын. С.Ғабб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *