Posted in

ТІСТЕЙ ҚАТТЫ

Тістеніп, күшін сарқа тырмысу. Бұл арада аузынан жырып үнемдеу туралы айтылады. * Не дегенмен Алтынайдың қолы берекелі қатын. Жылына тістей қатып, тырнақтап жүріп, үш сиырдан үш-төрт қарын май алады. Өліп бара жатсын аузына бір салмайды, қаймақ былғап отырғанда, Медеужанның алақанына да, бояу сатқан бақалшыға ұқсап, шымшып ғана салады, онда да зорын тапса. . Ж.Айм. * Білмесе де әлхамның ғибарасын, Жемтік көрсе молдамын деп тістей қату. Яки мақсат: тілмаш боп жем табу ма, Жылтыратып сары түйме шен тағуға… С.Тор. ~ Қала салып, мәдени ауыл болуға асығып, қуалап жүріп қоныс кестіріп алды. Әрқайсысы тістей қатып, шаруа қамдады. І.Жанс.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *