Қышқылтым алманың не басқа жемістің тісте тұтылып қалып ашытуы, ауыртуы туралы. ~ Қышқылтым ақ алма тістегеніңде мұз шайнағандай қаршылдайтын. Сәлден кейін тісті қамап қалатын да зар қақтырып бастырмай тастайтын. Сонда да жейтінбіз. С.Мұр. ~ … күтімсіз өскен жабайы алмадай ащы болуымыз да содан шығар, жабайы алманың тісті қамап сырқырататыны тәрізді жанға батар қылықтар істеуіміз де содан шығар? С.Мұр. ~ Ағаш басын сілкіндіріп түсіріп алған қалың алманың ортасына отыра кетіп, ал бір жеді дегейсің. Аздан кейін тіс қамалды, жүрекке тиді. Екі қалтасын алмаға сықап алып және жолға түсті. Ғ.Біл.
