Сырын ашпады, үндемей құтылды. ~ Сүйегіне сіңген қорықшылықтан қол үзсе – тамыры қырқылып, қурап қалған қара ағаштай боларын анық сезді. Сезсе де, тіс жарып пәлен демеді. Д.Дос. ~ Іһім… біз математикамен бас қатырып отырмыз, сен болсаң география қызығына кенеліпсің. Шамасы, көп білесің ғой. Солай ма, Құралбаев? — Қалмаш тіс жарып ләм демеді. Қ.Қази. ~ Ұлы әмірші көш жөнекей көңілін сұрай барған ешбір жанды қабылдамады. Тіс жарып ешкімге ештеңе демеді. Ә.Кек.
