Даурығып, даңғырлап, босқа шуласып, у-шу болды * – Менің қайтқан белгім со болсын: қажыға барайын, Әзірет сұлтанға зират етейін. Бойымдағы сайтанды сүйтіп арылтайын… – деуі-ақ мұң екен ақсақалдар түбі түскен шелектей: – Дұрыс-ақ! Сөз-ақ! «Ерден иман құтылмайды» деген осы да, – десті. Ж.Айм. * Жыны қозып, жүрек айныр шатпақты естімес үшін екі құлағын тас бітеп алмақшы еді, Құдай оңдап, ондай күйге жеткізбеді – сол сәт желке тұсынан суық қармап қарлыққан тарғыл дауыс түбі түскен шелектей даңғырлап қоя бергені … Т.Сәук. * омпақ көзі зыттиып, бүйректей беті быттиып, тақылдақ даусы қазір тіпті түбі түскен шелектей таңқылдап, қамау судың балығына қарық боп жатқан көңілді кісілердің арасында қаңқылдап жүрген шығар. Ә.Нұрп. * Және қысқартқанда сөзден мүлдем тыйылмайды, бос сөзге жаны құмар сөзуар, бір мақтанса түбі түскен шелектей бөсе беретін кеппе, әшейін, сөздің бетін ғана желдің өтінен бұра қояды. С.Жүніс.
