Posted in

ТҮЙЕ ТАБАН (ТАБАНДЫ)

1. Табаны жалпақ, үлкен. ~ Арғы бетке шыға бере, өзінің мана, таңертең жүріп өткен ізі үстіне баттиған үлкен, үлкен болғанда, әрқайсысы қарсақ ізіндей жуан төрт бақайлы, үшбұрыш түйе табанды – тарбия жазылған алақан аумағындай зор, доп-домалак жолбарыс ізі түскенін көрді. М.Мағ. ~ Бұқпан отағасының ұзын тұрқы: бойы бір жарым кез және бір сүйем, кебеже қарынды, ешкі сақалды, торсық бетті, түйе табанды, аяқ- мойыны қысқа (тіпті мойын да жоқ!), салпиған бұғақты, есек құлақты, ырбиған семіз саусақты, түкті білекті адам. Сөйлемейді, мөңірейді, мөңіремейді екен, бақырады – дауысы сондай. М.Дәул. 2, Қазақ оюларының бір түрі, түйенің басқан ізіндегі қос табаны сияқты дөңгеленіп келетін, S әріпі тәрізді күрделі өрнек. Төзімділік пен сабырлықтың, мықтылық пен тұрақтылықтың белгісі. Сонымен бірге, алыс жолға шығатын адамның киіміне осы өрнекті салатын дәстүр де болған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *