Түкке тұрғысыз нәрсеге үлкен мән беру, жоқтан өзгені дабырайтып көрсету туралы. ~ – Әлдекімдер құсап зіл сақтаса, пәтер бермек тұрғай, түймедейді түйедей ғып, көрінген жерде аяқтан шалар еді. Сорымызға ондайлар әлі бар ғой. К.Қаз. ~ Ақыры оның бәрі желқарындай жарылып, өз кінәсін ақтау үшін Никита-екең «көзбояушылықпен күресу» деген қаулы шығартты да, бәрімізді қуғынның астына алды. «Түймедейді түйедей» етіп көрсеткендердің қосағында кеткендер аз болған жоқ. Б.Тоғ.
