Posted in

ТҮЛКІ БҰЛАҢ (БҰЛТАҢ)

Сұм-сұрқиялық, алдамшы қулық. ~ — Байқаймын, оқыған бала сияқтысың. Көріп отырмын, тараққұмар шашың бар екен – қалада істейсің- ау. Түлкі бұлаң неме керек. Адамды да, елді де омақасарда осылай түлен түртеді өзі. А.Сүл. ~ Мысық табан жымысқы саясаттар мен түлкі бұлаң зымиян әрекеттерді көре-көре көкірегі найзағайлармен тілінген қара бұлттардай қарс айырылып басын тауға да, тасқа да соққандай, шарасыздықтан өз ойына өзі маталған Абай “Ауырмай тәнім, ауырады жаным, қаңғыртты, қысты басымды. Тарылды көкірек, қысылды жүрек, ағызды сығып жасымды” деп дүниеден безгендей, бәріне сырт беріп, теріс қарап кетеді. Т.Мед. ~ Таныды да түлкі бұлаңмен бағыныштылыққа ишарат қана жасап, шаруалар көсемін және емексітіп, бұны өзі билейтін елдің отаршылдыққа қарсы бас көтеруіне ұластыруға тырысты. С.Ақт. ~ Адамдардың рухани дүниесіндегі осы бір құбылыс өз тұрпат, өз ырғағымен көрінер соны жол іздейді. Оның мұндай жақсы ниеті әдебиеттегі жалған жаңашылдық, формализм, түрмен қызықтыратын түлкі бұлтаң сияқты кеселді дерттерден аулақ. Ә.Кек.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *