Тіс қаққан қу, айлакер. * Мінез-әрекеті, айла-тәсілі де қилы-қилы олардың. Түлкі құйрық жылмаң. Сығалап атар сыған. Жорға жүрісті жортақы… бірде майпаң, бірде сипаң… Ай, толып жатырау, күл шыққырлар! Ж.Алтайб. * Жұмысы жоқ куәгер, борышы жоқ кепілгер, ат үстінен билік айтқан бай-бағлан кеп. Абыройды аластап, арына сүйенбей барына сүйенген қасқырауыз, түлкі құйрық «жақсылар» жүреді. Ж.Ахм. * – Қырыққа келгенше қыртып жүргенің рас, бірақ, бұл әңгіменің ұшығын ұстай алмадық қой, – деді. Арша істікті төс қалтасынан асықпай алып тісін шұқыды. – Әншейін, балалық шағым есіме түсіп, – деп мәймөңкілеп, түлкі құйрыққа басты Оспан. О.Бөк.
