Батқан күн мен атқан таңның арасы. ~ Түн баласында Мұқаштың үйде тұрмайтынын бір сөздің ретінде Тезекбай молда да айтып қалыпты: аңқылдаған адам ғой. Мұнымен бес деңіз. Ж.Айм. ~ О кезде қуандық, сүйіндік, найман, қаракесекті біріне-бірін сапырып жүретін күніміз. Түн баласына ұйқы көрмейміз. О бір дәурен-дағы!— деп Дәрмен бір күрсініп алды. Ж.Айм. ~ Түн баласында мынау тоқал тамдардың қотыр-қотыр қабырғасы, … шабдар сәуленің қорасаны секілді, тек пошымы ғана сүлделенеді. О.Бөк. ~ Айкүміс осындай ойға тіреліп, Рәуішке деген ызасын ертеңді-кеш қоздырар еді де, түн баласында жай тауып жата алмас еді. Ғ.Сл. ~ Мүсәпір ғой. Кей- кейде түнде балаларының атын атап шақырады екен. Алты ұлынан айырылыпты ертеректе. Қазір қойыпты ғой. Әйтпесе, бұрын түн баласына сайды бойлап, тауға қарап, інген боп боздап, көкек болып сұңқылдап ұлдарын іздеп жүреді екен. Қ.Ысқ.
