Жалған сөйлемеймін д.м. ~ Сапарың оң болсын, Асқар,– деді Балтабек амандықтан кейін,– түсі игіден түңілме деп, тумасаң да туған інімдей көремін сені, міне түн жамылып отырмын ғой. Аман барып, сау қайтуыңа тілектеспін. С.Мұқ. ~ Алғашқы махаббатың туралы айтшы. Сенсең сыр бөлісерміз. –Түн жамылып отырмын ғой. Имандай шыным аға! Өзіңізбен жүздескелі сіз маған жақсы әсер қалдырдыңыз. С.Дос. ~ Құрысын, айтпашы ондайды, – деп Бибі бәйек болды. – Ал менің жаңағы айтқанымды қалжың деп ойлама. Ол – менің бейуақта түн жамылып айтқан имандай зар тілегім… Қ.Жұм.
