Түпкі ойын сездірмей, басқан ізін аңдатпай, зымияндықпен істелген әрекет туралы. ~ Қысты күні қаша бұзып алған аттың аяғына киіз байпақ кигізіп, тырс еткізбей шығарып кететін, шиырдан-шиырғa соғып із жоғалтып қуғыншының көзін аппақ қылатын Есімбек сияқты жыртындылар өмірінде жымын білдірмейді. І.Жан. ~ Осы тұста: “мынау қайтеді- ей, баса көктеп қайда барады- ей! ” дейтін қызғаныштың қызыл иті де әлгі тілеулестеріңнің ортасына қосыла кетіп, бірақ жымын білдірместен «бір орайы келгенде оңбай сүріндірермін» дейтін бақай есеппен азуын көрсетіп- ақ үлгереді. Қ.Жиен. ~ …қаладан далаға келсе болғаны құла- қасқасын қамшылап дамыл көрмей, баукеспе ұрыларша сырт көзге жымын білдірмей мысықтабандап барып күнде құшақтасып қайтатын ақ білек, бұраң бел, күлім көз келіншек: «Қайтесің, қамшылама қасқа атымды, қыздардан артық көрем жас қатынды… » деп əндете жөнеледі. З.Қаб.
