Posted in

ТҮСКЕ ДЕЙІН КИІЗ, ТҮСТЕН КЕЙІН МЕЙІЗ

Мінезі айнымалы кісі туралы. * Ауытқымалы толқымалы, қылт етпе кісі. Бір бойына дала, қала қасиеттері қатар сыйысқан. Кейде түске дейін киіз, түстен кейін мүйіз. М.Қаб. * Маған шаң жолатпады, әйтеуір. Бірде араздасып, кейде татуласып жүріп, ол ер жетті, мен бой жеттім. Арамыз түске дейін киіз, түстен кейін мүйіз. М.Қаб. * Әлі дала тұтас қарая қоймағанмен, тебе, қыраттардың күнгей беттері жалаңаштанып, дымқыл жер иісі шуақты күндері бүкіл атырапқа тарай бастаған. Күннің түске дейін мүйіз, түскен кейін киіз дейтін шағы. С.Жүн. * Оған мына «түске дейін – мүйіз, түстен кейін – киіз» аталатын жаймашуақ қабаттасқаннан кейін ит жонданып, бүкіс тартқан жоталардың төскейі тіпті алабүйректеніп шыға келді. К.Ахметб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *