Posted in

ТҮСІ БҰЗЫЛДЫ

Өңі сынды, қабағы түйілді, жүзі суық тартты, ашу шақырды, жайсызданды. ~ Қалампыр … енді сөйлегенімен қолдан еш нәрсе келмесін біліп: – Не қылсаңдар ықтияр. Әуелінде де мен тоқал алма деген жерім жоқ, маған несін айтасыңдар?! – деп түсі бұзылып, үйден шығып кетті. М.Дул. ~ Мынау сөз Омардың маңдайына тоқпақпен ұрғандай жайсыз тиді. Қайтерін білмей, түсі бұзылып кетіп, бір жеріне біз тығып алғандай ыршып-ыршып түсті. Шын күйіп кеткендігі емес пе, аузына не кіріп, не шыққанын да білмеді: С.Тор. ~ Класта кәдімгідей қалам-қағазын оңтайлаған балалар да болды. Осы сәтте оқыс бірдеңе ойына түскендей, Ерөскеннің түсі бұзылып кетті. Т.Нұрм. ~ Құлтай жалма- жан серігіне бұрылып еді, қыздың түсі бұзылып кеткен тәрізді көрінді. С.Ас. ~ Лида түсі бұзылып келе жатқан оны көріп, сасқалақтап не айтарын білмеді. Күлейін деп күле алмады. Б.Бұл. ~ Ең соңғында кетіп бара жатқан Үй Жанау шұғыл бұрылып, әлгі қыспа нан жегішке оқты көзімен ата қарайды. Сол сәт түсі бұзылған әлгі адам беліндегі қызыл түйіншегін сығымдай ұстап: — Артыңа бұрылма… енді бұрылсаң, атып тастаймын! – деп айбат шегеді. Мо Янь.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *