Жүзінен ызбар зіл, қаскөйлік нышаны байқалады. Бұларды қуып үш-төрт жылқышы да шауып кетті. Жылқышылар екі-үш рет ұрысып, қағысып, байқасып шықты, Бұл жолғы жау бұрынғылардан гөрі бата қимылдайтындай түсі суық, екпінді еді. М.Әу. ~ Оның ойын есіктің сықыры бөліп жіберді. Әкесі екен. Түсі суық, қабағы қатыңқы. К.Сег. ~ Жатқанда екі кісі түсіме енді, Қасыма түсі суық кісі келді. Кісінің сипатынан қорыққаннан: «Жаһанда мен көрмеген кімсің? – дедім. Шортанбай а. ~ Бәлем саған қылармын, Сен сыяқты шұбардың Түсі суық жыланның, Жағасынан алмаққа, Жыға сүңгі салмаққа Қашаннан-ақ құмармын! Ж.Жаб. ~ «Қасқырды қанша бақсаң да орманға қарап ұлитынын» білесің бе? Қалалы жерде татардың баласы бұзық боп өседі қанына тартып, – деп түсін суытты. С.Досж. ~ Құлайғыр мынадай малғұн мұндарға ишарат етіп, өз аузы мен аттың аузын қолымен ымдап «ауыздығын ал» деп момақан ғана белгі береді. Бірақ шерік оны істемейді. Қайта бой тартыңқырай, сыр бергісі келмегендей түсін суытады. Ж.Ахм. ~ Егер Рәш: «Ал айт! » деп түсін суытқанда, бала жым болатын еді. Рәш босқа сасқалақтады. Бұдан хабарсыз Тұрғанқұл.- Рәш тамақ суып барады деп отыр ғой. Кейін айтарсың! – деп желеу шақырды. Т.Әл.
