Бір-бірімен сөзге келді, араздасты, ренжістіғ ұрсысты, бір-біріне өкпе сақтады. . * Күндердің күні боп, Талшоқы мен Қарауылға келер болсаң, орның әзір. Барымды ортаға сап, түс шайыспай-ақ үлесемін. Ол өзі бір төбе. Ал, бірақ одан бұрын айтысып көрейік. М.Әу.* Абай мен Тәкежан түс шайысып қалғанда, Шұбар өзі қатыспай қалуды қисынды таппады. М.Әу. * Қали, Алшағыр оңаша күбір-күбір… Іштегі түс шайысты таза ұмытып, ауыз жаласып тұр. М.Қаб. * — Жақсы көргендіктен емес, көкем сенген адамымен түс шайыспайды. Қ.Ысқ. * Алшынбайды жалғыз Құнанбай емес, Майыр да сыйлайтын. Талай қиын істе әлденеше рет істес болған. Әлі күнге түс шайысқан жерлері жоқ. М.Әу.* – …Мына жайлауда бөлінбеген бір елдің көдесі үшін түс шайысу тіпті жол емес! – деп тоқтады. М.Әу. ~ Өмір бақи бір-біріне жел боп тимеген момын жандар бүгін қалай да өзара тіл табыспай, түс шайысып қалған сыңай байқалды. Ә.Нұрп. ~ Олжаны бөлісе алмай сирек те болса кездесіп қалар түс шайысулар кезінде бітімі тым кесек жаратылған, осы өлкедегі жалғыз ақ төс қарамен бұл маңның бәкене қоңырлары мен жатаған сарылары бір белдесуге жарамай тайқып шыға беретін. К.Сег. ~ Жер түбінен бірге жасасып келе жатқан тату-тәтті шағын бір ғана түс шайысудың тұсында қалай ұмытты? Ә.Нұрп
