Posted in

ТҮТІНІ ТҮЗУ ШЫҚТЫ (ҰШТЫ)

Тұрмысы түзелді. ~ Шошымаған, тірліктен жасымаған, Жатыр ауыл бір-бірін асыраған. Біреулердің түтіні түзу шығып, Біреулердің түтіні шашыраған. М.Мақ. ~ Бір жанұяның түтіні түзу шықпай, отбасында жанжал өрбісе, болмаса ауыл адамдарының арасында негізсіз кикілжің, қақтығыс етек алса, үнемі сол жерден табылатынсың. Ә.Тар. ~ Қызының сырына жетік Жұпар бұлардың түтіні түзу шығуы үшін жанын салып, бар күшін жас отаудың отының басын бүтіндеуге жұмсады. Ү.Жәл. ~ Бисараның естуінше, Айсұлу — бизнес саласында түтіні түзу ұшып тұрған бай қатын көрінеді. Көңілге секем алдырар бір ғана жері — жесір екен. Қ.Жұм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *