Posted in

ТҮТІН АҢДЫДЫ

Тегін тамақ іздеп, қай үйден түтін шығып, қазан көтеріліп жатқанын бақылады. * Түтін аңдып жүретін, өлеңінде бес тиындық құн қалмаған салдаман әншілер де, тарысы піскеннің тауығы бола кететін «Бөстекі» даяшылар да келді. Ж.Айм. ~ Тезекбай ел қыдырып, зекет, садақа жинаған, ет, қымыз іздеп түтін аңдыған кісі емес, ондай сұқым, сімтік шалдарды қайта шенеп жаратпай; «Не бар екен? Жатсайшы!» – деп отыратын. Ж.Айм. * Келмек тұрып сұңқа адым, жұлық жамап қаңғып жүр, қатқан бар деп қай үйде – көкше түтін аңдып жүр, Жамауменен жан сақтап, қара басын қамдап жүр. Ж.Айм. ~ Ал Рекең елдің жақсы- жаман көруін елеп- ескермейді. Әсіресе көктемнің көк ішек, күздің тоқты тоймас жүдеу бүрсең кезінде, өз үйінде күтімі болмаған шақта, әр үйдің түтінін аңдиды. Т.Рыс.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *