Қатты қысты, ұрысты; басына әңгір таяқ ойнатты. ~ – Сабыр етіңдер! Болысқа айтайық! Айтқандарыңды істейік,- деп, топты тоқтатып болыс үйіне кетті. Жігіттер желдей гулейді, судай толқиды, ду-ду етеді. Кідірмеді. Тілмәш шықты. Жігіттер түрі бұзық, тілмәшті түтіп жеп қойғандай. Ж.Айм. ~ – Ол ұзақ кеңес, мырзам. Қайтқанда қайық үстінде айтармын ол кеңесті. Әзірге өз көңілімді аяқтайын. Сенің де, әкеңнің де жаны сол Кераланың бұйрығымен қалды, әйтпегенде, түтіп жейтін еді, сендерді балықшылар. С.Мұқ. ~ «Біраз тексерген болып, аты-жөнін, мекен-тұрағын, онан соң өзі сияқты «оттан көйлек киіп», өрепкіп жүрген идеяластарын сұрап көр. Бізді түтіп жегелі тұрған мына тобыр тарасын. К.Сег. ~ Сұр жейделі бейтаныс бәсекелесін түтіп жеп жіберердей өршеленіп, атын тебіне түсті. Б.Ыбырай.
