Posted in

ТҰЛА БОЙЫ БАЛҚЫДЫ (КҮЙІП ЖАНДЫ)

Бүкіл денесі маужырап, жан-тәні рахат сезімге бөленді. ~ Әнші аузын ашқанда бүкіл тұла бойы балқып, алқымы ісіп, күре тамырлары білеуленіп кететін еді. С.Жүн. ~ Алақаны жұмсақ екен, ауық-ауық сырқырап, сыздап кеміретін иығы ыстық бумен сабағандай шымырлап, тұла бойы балқыды. Қ.Ысқ. ~ Сол-сол екен, тұла бойы балқып, жаны жадырап жүре берді. Ш.Айт. ~ Сөйткен соң адамның тұла бойы балқып, жаңарып, жасарып, кемінде жүз жасайтын көрінеді. Менің кемінде жүз жасағым келеді! Ғ.Қаб. * Түні бойы тұла бойы күйіп-жанып, бір жағынан жөтел қысып, көрер танды көзімен атқызды. Ж.Айм. * Әуелі мұндай сәті түскен іске қуанып та қалды, бірақ сана түкпірінен бір күдік қылмаң етіп бас көтеріп, сол күдіктен тұла бойы күйіп-жанып қоя берді. Е, бәсе, бәсе! Ш.Айт. * Бірауық бойын үскірік алғандай қалтыраса, бірауық тұла бойы күйіп-жанып, үстіне жапқан көрпе, киімді лақтырып, аласұрады. Тегі, безгек болса керек. С.Жүн.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *