Posted in

ТҰЛА БОЙЫ ТІТІРЕДІ (ТІТІРКЕНДІ)

1. Әлдебір алапат сезімнен (күйзеліс, қорқыныш т.с.с.) бүкіл жаны түршіккендей болды. * Нұрлыбай мұны ойласа тұла бойы тітіркеніп салқын тердің қалай шыққанын да сезбей қалады. «Тек құдай бетін аулақ қылсын!» – дейді ішінен күбірлеп. Б.Майл. * Апарады да сасық Мырзаштың қойнына салады. Сонан соң жата бер, іріп-шіріп… көне бер, өле бер… Ұлпанның тұла бойы тітіркеніп кетті… бала мінезді болушы еді, қатты қорыққан екен жас балаша жылады. Ғ.Мүс. * Бұл өзі — ағасы өліп, мұңды болып жүрген Қамардың айтқан сөзі екенін білгенде, Мақсұттың тұла бойы тітіреп кеткендей болды… Ж.Ахм. * Бөлме ішін ызғар есіп өткендей Зухраның тұла бойы тітіреп кетті. Т.Сәу. * Қыздың тұла бойы тітіркеніп кетті. "Бұлар өстеді енді!.. " Ә.Тар. . * Лимада үрей қалмайды, тұла бойы тітіркеніп, жаны түршігеді. Ә.Тар. 2. Суықтан дірілдеп кетті. * Күндізгі қара суық қазір күшке мініп қылшылдап тұр екен. Салған жерден қойны-қонышына кіріп тұла бойы тітіркеп ала жөнелгесін, жалт беріп қамыс қостың ығына тұра қалған-ды.. Ә.Нұрп. * Су беті қарақұрықтана тұңғиық тартып, қара жанның жөн арқасындай жыбыр-жыбыр мөңкіп жатқандай болды да жауырынын белгісіз бір ызғар шымшылап, тұла бойы тітіреніп кетті. Қ.Ысқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *