Айбаи шегу, қорқыту. ~ Қиқым бір-екі аусар жігітпен Сейітті қуып жетіп, "тоқта!" деп бұйрық етіп еді. Сейіт оған қанталаған ызалы көзін жалт бұрды да: "Тұмсығыңды бұзамын! Жоғал көзімнен!" – деп кете берді. М.Әу. ~ Қайнар көзден орта шелек суды ала көргенімде иен даланы жаңғырықтырған әзірейілдей дауыс естілді. – Е-е-ей! Академик, тұмсығыңды бұзам-м-м! Ш.Айт. ~ Шарылдап жылаған, ырсылдап төбелескен бала даусы естіледі. «Мама, мама Ганди ұлды, Ганди ұлды», «Бер допты өзіме!»- «Бермеймін, мама!»-«Тұмсығыңды бұзам, бер!» Бағила жүгіре шығады. Балалардың айқай-шуының арасынан оның да сампылдаған даусы естіліп жүреді. Т.Ахт.
