Тіршілік жасап, күнін көрді. ~ Біздің қатарымыз әлі де болса өнердің де, білімнің де қалада екенін білмейді. Қалаға барса тұрмыс құра алмайтындай көреді. Үркеді. М.Сүн. ~ Біз колхозсыз өмір сүрудің тұрмыс құрудың, әсіресе мәдениетті тұрудың мүмкін еместігін әбден ұқтырған сияқтымыз. Бұл үлкен жеңіс. С.Бақ. Үйленді, үй болды. ~ Әскери тәртіпке пісіп алған Мұқаметқали, жәй қызмет үстінде де сол жүріс-тұрысын бұлжытпайтын: – Мен әлі үйленіп тұрмыс құрғаным жоқ. Оны жақсы білесін. Менің шешемнің, ағамның ойларын да білесің. Олар – әкең атастырған қалыңдығын бар, соны ал» деп мазалайды. С.Бег. ~ «Әке балаға сыншы» депті ғой. Маған дегенде ықыласы бөлек еді. Тұрмыс құрғасын әкем маған: «Баламның алды, тұла бойы тұңғышым едің. Саған мына қоңыр іңгеннің ішіндегі ботаны енші қылдым» — деді. Ү.Жәл. ~ Кеңестік тәртіп те, өмірдің ыңғайы да оларды қалыпты арнаға түсіре бастады. Жергілікті орыстың жастарымен үйленіп, тұрмыс құрып, біртіндеп қан араласып кетті. Ә.Асқ.
