Posted in

ТҰЯҚ БАСТЫ

Мал жайылып, әбден тапталған жер. ~ Құм қоныс, мал суаты Сырдың суы, Боз дала – тұяқ басты малдың шуы. Көкпекті көгертпеген көктен нөсер, Жарқылдап жай жарқырап жасыл туы. І.Жанс. ~ Тұяқ басты қара жерге тақылдатып тас төсеп тастайды дегенді осыннан көріп келеді. Ә.Кек. ~ Жаңа ғана тұнық көлдей мөлдіреп жатқан зеңгір аспан тұяқ басты шалшықтай қоймалжытып сала берген. Ә.Кек. ~ Таңертең екі-үш күннен бері тұяқ басты боп жатқан жердің шаңы жығылып, шөптің басының сілтісі шайылып, ауылдың маңы айнадай жалтырап шыға келді. Ә.Кек.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *