Мазақтады, келемеж қылды, күлкіге айналдырды, тағдырын ойын қылды. ~ Жігіттер Байғарау сөзіне жарымады. Қайта оның сөзін алып қашып, бірі «ол» деп, бірі «бұл» деп тәлкекке айналдырды. І.Жанс. ~ Түнғатардың тағдыры сол бір– екі күнде шешіліп те қалатын еді, бірақ тағдырды да тәлкекке айналдыратын адамдар бар емес пе? Ә.Тар. ~ Ел намысын қолдан беретін, тізгінін кез келген тентекке ұстатып, тағдырын тәлкекке айналдыратын ынжық тобыр боп кете ме деген күдігін айтады. Күйші күлімсірейді де, үндемейді. Ә.Кек.
