Безді, түңілді, құрбан етті. * Көбісі құдай берген талантын тұншықтырып, нәсібін де, кәсібін де тәрк етіп, түз тентіреп кетісті. Ә.Асқ. * Бүкіл жарық дүниеден жалғыз өзін ғана таңдап алып, өмірдің өзге қызығын тәрк еткен. С.Елу. * – Бұл саған байланысты, – деді әйел, – қашан келгенім жайында өтірік айта алсаң, онда ертең табанымды жалтыратамын да мына тірлікті тәрк етемін. Келістік пе? Г.Г.М. * Нөсерлі жаңбырға, ымырт қараңғылығына қарамай, дүние қызығын тәрк етіп, қайғы-мұңнан, қасірет-шерден қабырғасы сөгілген қара домбыра дөң басында, құм төбенің үстінде безілдей түседі. Ғ.Біләл.
