Өз қадірін өзі кетірді; жек көрінішті болды. ~ Күнікей іңірде бір рет тысқа шыққанда, үй жанында Мұсатай ұстап алып, баяғы «Қара тауын» тағы қозғап еді: – Тәтті аузыңның дәмін кетірме, – деп, Күнікей оған да болмады. Ж.Айм. ~ Сен өйтіп бағанадан бергі тәтті ауыздың дәмін кетірме, әйтпесе… Дабай, байқа, – деп Қожанияз түсін суытып, тысқа дыбыс берген. – Қайсысың барсың? Н.Дәу. ~ Мұны естіген жұрт: – Ойбай, Омардың соры қайнады, тәтті аузының дәмін кетірді ғой,- десті. С.Торы.
