Шүкірлік етті. * … сол үйлердің қар кептелген мұржасынан жұлындай көтеріліп, жуастау будақтаған түтінді көріп, бұл ауылдың адамдары қарға тұншығып өліп қалмағанына тәуба жасайсыз. О.Бөк. ~ Тәуба қыл, шырағым! Тәуба деші!.. – деді келініне жай айтса да әмір еткен дауыспен. Жаңа ғана ыстық леп шашып келе жатқан күннің демде-ақ тұтылып, жарығы өше қалып, дүние әрі қара күңгірт, әрі салқын тарта қойғанына Айкүміс те тіксініп, түсі бұзылып жүре берді. Ғ.Сл. ~ «Франция қай жақта екен?» деп Көкке телмірген әкесі бой- басы жеңілдеп, «Осыны көрсеткен Аллаға мың да бір шүкіршілік», – деп тәуба айтып тұрып такси ұстады. Қ.Түм. ~- Әрине, ұмытпаймыз. Сөйте тұрып осы күнімізге тәубе етеміз, шүкірлік қыламыз. Мен саған талай айттым. Жағдайың; жаман емес. Жай-күйін жетеді. Малды қой, жастарға. бер де, пенсияңды алып, балаларыңды оқыт, жақсы салып ал дедім. Қ.Түм.
