Posted in

ТӘҢІРІНІҢ ЖАЗУЫ (ЖАЗҒАНЫ)

Маңдайға жазылған тағдыр туралы. ~ Қайдан білейін. Ендігі ойым: «тағы да қыз іздеп, тағы да әкейді ренжітіп жүргенде, өмірдің де бірталайы өтіп кетер. Одан да неде болса тәңірінің жазуы шығар, жұрт не десе о десін, тәуекел деп соның өзін алғым келеді», – деп күрсініп тоқтады. Ж.Айм. ~ Қыз да бәрін біліп жатыр. Кемпірдің елжіреген үнін естіп-ақ жатыр. Бірақ… Шынымен-ақ тәңірінің жазғаны осылай ма?.. Х.Ес. ~ Ақсақалдар: «Әлбетте, нәрестенің құлағына періште сыбырлайды, періштенің айтары тәңірінің жазмышы, тәңірінің жазғанына тайталасып бола ма?! Ә.Кек.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *