Posted in

ТӨБЕГЕ ҰРҒАНДАЙ СІЛЕЙДІ (ТҰРЫП ҚАЛДЫ, ТЫНДЫ т.с.с)

Оқыс жағдайдан не істерін білмей қалды. ~ Мұндайда үйірімен кездесетін ұлыған аш бөрінің дыбысы жоқ сияқты. Жолықтыра көрмесін. Айнала тұра қалып қар боратқанда ат шіркін де төбеге ұрғандай сілейіп, есінен танып қалады. К.Жүн. ~ Танысынан мына бір «тырылдақты» қалтасын қағып беріп, зорға сұрап алған. Қыстауға таяп қалған- да төбеге ұрғандай сілейді де қалды. Ө.Кәр.* Бірдеме айтқысы келді. Бірақ, айта алмады. Айтпаған қалпы салбырап шығып кетті. Екеуі төбеге ұрғандай тұрып қалған. Қ.Ысқ. * Әуезовті тыңдаған алты адам отырған-отырған жерімізде төбеге ұрғандай тынып, қаттық та қалдық.З.Қаб. ~ − Сонда қалай болғаны?! Алланы, пайғамбарды балаларымыз белкүллі ұмытып кете ме?! – Қызғылт томпақ шекесін жұдырығымен ысқылап, төбеге ұрғандай тоқтап қалды. С.Омар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *