Зорлық қылды, қорлады, қиянат жасады; қолынан келген жамандықты жасады. ~ Айтқанын елемей Жақсылық ылғи істей берсе жақсы, бірде болмаса, бірде «Осының төбесіне мен құй қазған жоқпын, билігіне таласқан жоқпын, қатынының қойнынан шығып отырған жоқпын, осы маған неге әкіреңдей береді?..» деп Жақсылықтың шығып кетпесіне кім кепіл? Б.Май. ~ Мына анталаған көгөнкөздер көріп қойса, пәле емес пе, бізге неге әкелмейсің, тоқалдан туыппыз ба деп төбесінен құй қазсын. Т.Сәу. ~ Сонда да қияс, қыңырлығымнан танбай, бір бетімнен қайтпай, балағат араластыра сыбап тұрып: – Танытамын әлі-ақ! Күндердің күнінде әкелеріңнің төбесіне құй қазамын. Жаным тірі болса бастарыңды шешелеріңнің етегіне бір тығармын!- деп айғай салдым. Ж.Сәб. ~ Көп өтпей Гер-аға үйіне шақырды. Өткендегі әңгімені қайта жалаулатып, төбемнен құй қазатын шығар деп қипақтап барғанмын. Т.Сәу.
