Posted in

ТӨЛ БАСЫ

Бастаушы, жол салушы, балалардың үлкені. ~ Майқы би қазірге қазақ қауымындағы Ұлы жүз ішінде аты сақталынып қалған Үйсін тайпа бірлестігінен өрбіп шыққан. Содан да оны қазақ шешендігінің төл басы, көшбастаушысы деп танимыз. Қ Ерг. ~ Әкесі Мүбәрәк та: "балаларымның тұңғышы" ғой, төл басы той, осы үлкен бастың болса, басқалары осының ізімен адам болып кетер еді-ау!" – деп отыратын. Ә.Тар. ~ Екеуіңнің осы қарыздарың менін мойнымда, екеуің не қаласаңдар да берем деп еткен уағдам бар еді. Және мынау отырған балаларым мен немерелеріме өлгенше сендерді сыйлап өтіңдер деп көзбе- көз тапсырмақ едім. Құдайберді менің төл басым еді. Т.Жұрт. ~ – Біздің қазақтан шыққан саудагер жоқ еді. Бәлкім, осы кәсіптің төл басы сен болатын шығарсын, – деп Демежан да жас жігіттің сөзіне елеңдей қалды. Қ.Жұм. Бұрын туған төл. ~ Төл басы (қорадағы малдан төл алар уақытта бірінші туған қозы, лақ төл басының құтты, ақжолтай болуына, аман-сау қалуына малшы қауымы ерекше мән береді, оны ырым деп санайды)… Ә Қайд. ~ Қ а с ы м. Тоғыз ұл, тоғыз қыз тапқыр, періштем менің! Төл басыңмен құттықтаймын! Үйірімен үш тоғыз, иә сәт!.. (Банудың қолынан сүйеді). Ал енді әрі қарай ғой, періштем менің! Көзіңді жұма ғой… М.Мақ. Мал басы. ~ Әуелде төл басын ауыл-аймақ жинап берген. Балалары оқып жатқан байлар, ауру-сырқауын емдеткен ауқаттылар қара мал, ұсақ қой-ешкіні өздері-ақ әкеліп қораға кіргізіп кететін. Б.Тоғ. ~ Көген той. Алғашқы бие байлау, қозы көгендеу сәттерінде мал иелері желі басына барып, желіге, көгенге, төл басына ақ құйып, «Мал басы өссін!» – деп бата тілеп, ырым жасайды. Артынан ақ дастарқан жайып, шай ішеді. БАҚ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *