Түзеді, тәртіпке келтірді, жөнге салды. ~ Мен барлауда байқағандарымды қысқа ғана айттым. Арқаң жылы құшақты сезініп тұрғанда даусың да дірілсіз шыға алмайды екен… Бірақ полковник пен капитан ерсілі-қарсылы сұрап, көрген-білгенімді еріксіз төрт аяғынан тік басқызды. Ғ.Мүс. ~ Әйтеуір, сыртқы елге дақпырт болсын, қызын қалыңсыз берді демесін деп, он бес қараға келіскен. Айтылмыш қалың малынды төрт аяғынан тік бастырып айдап әкеп бер деп Күнбаланы қыстаған жоқ. С.Ом.
