Posted in

ТӨРТ ТАҒАНДАДЫ

Жер тіреп тұрып алды, орнынан жылжымады. ~ Отряд сау етіп жетіп келгенде Құсайын бай емен таяқты төсіне тіреп төрт тағандап, желінің басында тұр еді. Әскерді көргенде болбыраған беті қуқыл тартып, тілін жылмаңдатып жебесін жалай берді. Б.Майл. ~ Лапас астында бір бұрышта, жаңа ғана шөп жеп тұрған саулық жарға басын тіреп, сілейіп қалыпты – қозғалса сылқ етерлік төрт тағандап зорға тұр. Ал, жарылып қалған ішек-қарын жерде ақтарылып жатыр… Х.Ес. ~ Плотина төрт тағандап, Тұр жер тіреп сіресіп, Жаралыша ыңыранғандай, Құрығандай сілесі. Ж.Молд.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *