Жағдайы жақсы, уайым-қайғысыз, қағанағы қарқ, сағанағы сарқ д.м. ~ Ақын мұң шаққандай осы жайларды сыр қылып айта келіп, сөз түйінін Күдеріге арнады: – Солай, жігітім. Кейде сырттай қараған кісіге мен бір төрт құбыласы сай, армансыз адамдай көрінуім мүмкін. Қ.Жұм. ~ Сен жылама, қорқытпа мені көзіңнің жасымен. Әкесіз жетім қалған жалғыз сен емессің. Мұнда ешкімнің де төрт құбыласы сай болып тұрған жоқ. К.Сег. ~ Мұнда кидің ұшымен ғана домалақ шарды түртіп жіберіп, дөңгелек жерде кәйіп өмір сүрген төрт құбыласы тең сылаңдар жиналады екен. Қ.Түм. ~ Ішкі үніміз де салдыр-күлдір, шаңқ-шұңқ. Ал Алла-тағаланың қазақ баласының еншісіне берген тек өзіне тән, төрт құбыласы тең, құдіретті киелі түсі қайда? Яғни – Қоңырымыз қайда? Ж.Аяз. ~ Иә, аспанның тірлігі басқаға, басқаларға керек. Олардың төрт құбыласы тең, сауысқаннан сақ, сақадай сайланып жүруі үшін керек. О.Бөк.
