Басқа әйел алды; қайта үйленді. * Менің бір таң қалған нәрсем Жауқазын да осында. Сыртта от жағып, отын жарып, қызмет қылып жүргендердің біреуі сол. Бұнысы қалай? Байым жас қатын алды, төсек жаңғыртты деп, қуанғаны ма? Б.Соқп.* Бір танысым төрт рет төсек жаңартты. Ол өз шаруасы. Бір таңғаларлығы, әр үйленген сайын бұрынғы айырылып кеткен жұбайын мақтайды. Р.От. * Әрине, ашыпжарып қатты сөйлеп қарсылық көрсетпесе де, Боранқұлдың төсек жаңғыртуына Мәлике разы-қоштық білдіре қойған жоқ болатын. Ғ.Біләл. * «Япырай, бәйбішесі өліп, жақында ғана төсек жаңғыртып еді, қызуы басылмаған қызға бергісіз әйелі тұрғанда мұнысы қай желіккені? Т.Сәу. * Ұлыстың қарашыларының арасында орасан беделге ие Ергене-бегімге Алғи сөз салады. Ұлы Мүбәрәкшаһты таққа отырғызуға уәдесін алып, Ергене-бегім үшінші рет төсек жаңғыртады. Т.Жұрт. * Қатерге де қимайды. Бірақ, Шекерхан сынды аруды жау қолында шырқыратып қоя беруге де жаны төзбейді. Ару емес, әдеттегі бір қыз болса да жат босағасын қызартып, төсегін жаңғыртсын, тоқалдыққа кетсін дегенге қалай төзсін? Ғ.Біл. * Әкесі Жантөре бәйбішесі дүние салғасын төсек жаңғыртпай, жалғыздың қас-қабағына қарап жүре беріпті. Ү.Жәл. * Марқұм әйелінің жылы өткен соң туыстарының, Қасаңбай ақсақалдың қайта-қайта қыстауымен Әбекең төсек жаңғыртты. Ы.Дәб. ~ Әйелінің қайтыс болып, Сиғаттың жер ортасында қалғанына біраз жыл. Заманында тірліктің думанын сан сапырып, талай сұлудың көз жасы мен ыстық құшағын жалынымен құртатқан керім – ай сал бүгінде тек шаштың атынан сескенетін болуға керек, әлі төсек жаңартпай жүр… Қ.Ысқ.
