Posted in

ТӨСКЕЙДЕ МАЛЫ, ТӨСЕКТЕ БАСЫ ҚОСЫЛДЫ (БІРІКТІ)

Қоныстары қатар болып, тату-тәтті тұрмыс кешіп, ағайын-туыс болып кетті. * Кенесары жеңіліп, қолға түсіп қалған соң қырғыздар қайта шатақ шығарады. Өйткені Алатаудың суын қатар ішіп, төсекте басы, төскейде малы қосылған қырғыздар Бұғыбайдың бұл кездері мына Қараш асуының арғы жағындағы Шапырашты-Шыбылдың Жәдік ауылынан екенін білетін. Б.Қыд. ~ – Маңғыстау мен Атырау аймағы бір теңіздің жағасын жайлаған, төскейде малы, төсекте басы қосылған туыс жекжат ел. Шетінен батырдың ұрпағы, қара жаяуы жоқ. «Танысаң, Адайыңмын» дейтін ағайындар. Мұнайшы болу да батыр, батыл адамның қолынан келеді. Ү.Жәл. * Бай-төреден құтылып, төскейде малы, төсекте басы біріккен жамағат ауыл-ауылымен топтасып, ұжымдасты М.Қаб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *