Posted in

ТӨТЕСІНЕН ҚОЙЫП ҚАЛДЫ

Әй-шәйға қарамай дүң еткізді. * Жәнияның мінезі тік. Төбеден ұрғандай дүңк еткізіп ойындағысын төтесінен қойып қалады. Т.Сәу. * “Мыналарың шетінен қияс болмаса нетті”, – деп ойлаған шал қашан да төтесінен қойып қалатын әдетіне басып: – Мәймөңкелейтін ештеңесі жоқ оның. Қыздарыңа құда түсуге келдім, – деген. Қ.Найм. * Қорқатыны — Қоспанбет. Адыраң мінезді төтесінен қойып қалатын неме еді. К.Қаз. * Абыралы екеш Абыралы да бірдеңені төтесінен қойып қалғанда, Елтай тап бір шетел тілінде сөйлеп тұрғандай аңырып қалатын. М.Қаб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *