Өмірдің бар қызығын көрді, ойына келгенін істеп, армансыз ғұмыр кешті. ~ Сендер адалдық, адалдық дей бересіңдер. Қылшылдаған жастық шағымда шайқап өтпесем, маған адалдықтан түсер пайда не? М.Сүн. ~ Сонда ғана Ғазиз Құлтанович өзін жалғанды жалпағынан басып, дүниені шайқап өту үшін туған құдірет иесі тұтып, анау етегін сүйіп, етігін жалап, жорғалап жатқандардың тағдырын тышқан етіп ойнайтын. С.См. ~ Аздаған өкініші, қызғанышы да жоқ емес. «Жастықтың қадірін білмейді. Өткінші тірлік, шайқап өту абзал. Шіркін, мұның орнында өзім болар ма ем… " М.Сүн.
