* Екі балуан ұстасар алдыңда біріне-бірі қыр көрсете ойқастап келіп, шаппа-шап ұстаса кетті. С.Бег. * Қараңғы бейіттің ішінде екеуміз шаппа-шап келіп қапсыра құшақтасып, таласқан екі аюдай үн-түн жоқ сіресіп, қатып қалдық. М.Әу. * — Таста қаруыңды! — деп секіріп, ұмтылып кеп мылтығынан да ұстады, тізеден де теуіп жіберді… Ескі дұшпаны, сырқынды бандымен шаппа-шап алыса түсті. М.Әу. * Тайдай арлан бөрімен шаппа-шап ұстасып өлердей жағаласқаны, тапжылтпай ұстап өлтірткені – бәрі де бұл өңірде, бұл заманда болмаған балғын азамат қасиеті боп тарады. М.Әу.
