Екі аяқты бүгіп, тізерлеп отыруды айтады. ~ Балалар тоңып келді ғой. Бірер рет көтеріп жібер, – деп қарт ыдыс- аяқ әкеп жүрген жігітке қарады. Өзі шарт жүгініп отырды да, шоқша сақалының ұшын тарамдап, ерніне қыстырып қойды. С.Шай. ~ Ең алдымен төбе би жиналған елге істің барысын баяндайды, билікке қағысын отырғандарды таныстырады. Жүгіністің шарты бойынша екі жақ та би алдында шарт жүгініп отырады, екі қолын салалап, тізесінің үстіне қояды. "Қазақ құқығы". ~ Машина орнынан қозғала ауыл адамдары да жетті. Айнамкөзді қолтықтап үйіне кіргізген олар шарт жүгініп отырып, ұлынан айырылып қалғанын естіртті. Айнамкөз меңіреу болып қалғандай көзі төбеге қарап шақшиып отырды да алды. Қ.Мүб. ~ Батекең бір мезетке тоқтай қап, әрқайсымыздың жүзімізден әңгімесінің әсерін іздейді. Өзі кеудесі гуілдеп, шарта жүгініп отыр. Екі мықынын таянып алған – «ф» әрпінен аумайды. Ж.Нәж.
